25 ақпан 2018 11:14

Toyota мен Hyundai 110 мың автомобильді қайтарып алмақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Toyota Tundra © flickr/Truck Hardware Toyota Tundra © flickr/Truck Hardware

Toyota мен Hyundai ақауға байланысты 110 мың автомобильді қайтарып алады, деп хабарлады life.ru.


Toyota мен Hyundai ақауға байланысты 110 мың автомобильді қайтарып алады, деп хабарлады life.ru.

Порталдың хабарлауынша, қайтарып алу ресми түрде биыл наурыз айында басталады. Автоөндірушілер барлық ақауды тегін жөндеуге сөз берді.

"Toyota және Hyundai Жапония мен Оңтүстік Кореяның автомобиль компаниялары Солтүстік Америка елдеріндегі 110 мыңға жуық автокөлікті зауыт жіберген ақауға байланысты қайтарып алатындарын хабарлады", - делінген жарияланымда.

БАҚ мәліметтеріне сенсек, Toyota шамамен 65 мың Tundra пикапы мен Sequoia жол талғамайтын көлігін қайтарып алмақшы. Бұл маркадағы автомобильдердің қозғалыс кезінде орнықтылықты бақылайтын электронды жүйесі өшіп қалуы мүмкін.

Дәл сол күні Hyundai компаниясы Солтүстік Америка нарығынан шамамен 44 мың Santa Fe кроссоверін қайтарып алатынын хабарлады, мұндағы проблема - меңгерік дөңгелегі. Ол мықтап бекітілмеген, сондықтан басқару бағанасынан ажырап кетуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети