30 қаңтар 2017 12:11

Volkswagen сатылымы бойынша Toyota-ны басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Audi 200 Club © Audi 200 Club

2016 жылы Toyota компаниясы бүкіл әлемге 10,175 миллион автомобиль сатқан, - деп хабарлайды АР корпорацияның есебіне сілтеме жасап.


2016 жылы Toyota компаниясы бүкіл әлемге 10,175 миллион автомобиль сатқан, - деп хабарлайды АР корпорацияның есебіне сілтеме жасап.

Ал, сатылған Volkswagen маркалы көліктердің саны  - 10,310 миллион. Осылайша, жапониялық компания немістерден қалып қойды. General Motors өз есебін келесі аптада жариялайды. Егер оның сатылымы Volkswagen компаниясынан төмен болған жағдайда, германиялық автоконцерн бірінші рет сатылым бойынша көш бастайтын болады. Айта кетейік, неміс көліктерінің жаппай сатылымға шығарылуына Қытай сұранысы басты себеп болған.  

2015 жылы General Motors өзі үшін рекордтық көлемде көлік сатқан - 9,8 миллион дана. Toyota Hino Motors және Daihatsu Motor компанияларымен біріге отырып, 10,15 миллион автомобиль сатқан. 2015 жылдың бірінші жартысында Volkswagen көш бастап келе жатқан, алайда оған "дизельгейт" кері әсерін берген. Оның жылдық сатылымы - 9,9 миллион көлік, ал бұл дегеніміз 2014 жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмен. 

Toyota Motor соңғы төрт жылда сатылым бойынша көш бастап келген. 2011 жылы ол General Motors компаниясынан қалып қойды, себебі оған Жапонияда болған цунами зардабын тигізген. 2008 жылға дейін соңғы 70 жыл бойы General Motors компаниясы көш басында болып келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети