14 қаңтар 2020 17:07

Армениялық, қырғызстандық, ресейлік көліктер елімізде заңсыз жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kolesa.kz/Тимур Еникеев ©kolesa.kz/Тимур Еникеев

Полицейлер шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген отандастарымызға қатысты талап-шарттарды тапты. Жуырда шетелдік тіркеудегі көліктер ел аумағынан шығарылады, - деп хабарлайды kolesa.kz порталы.


Полицейлер шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген отандастарымызға қатысты талап-шарттарды тапты. Жуырда шетелдік тіркеудегі көліктер ел аумағынан шығарылады, - деп хабарлайды kolesa.kz порталы.

Шектеулер "Жол қозғалысы" туралы заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес "Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады".

65-баптың 2-тармағына сәйкес "Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді". Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Бұл - Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.

Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің алдында үш нұсқа бар: барлық алым-салықтарды төлеп көлікті заңдастыру; көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізу; 
техникалық құралды шетелге апарып сату.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда 200 мыңға жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети