02 сәуір 2014 20:06

Автобөлшек сатушыларға Toyota тауар белгісін пайдалануға рұқсат етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда автобөлшек сатушыларға Toyota тауар белгісін жарнамаға қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қолдану шарттары Қазақстанда бұл брендтің мүддесін қорғайтын BMF Group компаниясының ресми сайтында жарияланған.


Қазақстанда автобөлшек сатушыларға Toyota тауар белгісін жарнамаға қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қолдану шарттары Қазақстанда бұл брендтің мүддесін қорғайтын BMF Group компаниясының ресми сайтында жарияланған.

Toyota Motor Corporation компаниясы Toyota немесе Lexus белгілерінің жарнамаларына кедергі келтірмейтіндігін растады. Бірақ, ол үшін кәсіпкерлер компанияның бірнеше шарттарын орындау қажет. Атап айтар болсақ, Toyota, Lexus, "Тойота" және "Лексус" сөздерін дүкен атауларына, фирмалардың бланкілеріне және интернет беттеріндегі жылжымайтын мүлік атауларына қолданбау керек деген шаттар бар. Сондай-ақ компанияның логотипін де қолдануға рұқсат етілмеген. 

Өндірушілер Кедендік одақ аясындағы Toyota Motor Corporation компаниясының ресми өкілдерінен алынбаған жасанды тауарлардың жарнамасына да шектеу қойған. Айта кетейік, жаңа талаптар бойынша сатушы сөресінде енді 33 пайыз Toyota немесе Lexus компаниясының түпнұсқалық қосалқы бөлшектері болуы керек. Одан бөлек, жарнама туралы шарттардың ресми түрде рәсімделуі талап етіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында Қазақстанда Toyota компаниясының қосалқы бөлшектерін сататын 30 шақты дүкен жабылып қалған болатын. Бұған  BMF Group компаниясының таратқан хаты себеп болды. Ол хатта кәсіпкерлер жеке мүлік заңының бұзылуына байланысты сатылымды тоқтатуды сұраған. 

Кейінірек компанияның өкілдері сатушыларға жалған қосалқы бөлшектерді сатып, оның орынына компанияның ресми өкілінен сатып алынған бөлшектерді қайта импорттауға болатындығын түсіндірген. Сонымен қатар қолданылған автобөлшектерді де сатуға рұқсат берген. Бірақ, соңғы уақытқа дейін сатушыларға компанияның тауарлық белгісін қолдануға рұқсат етпеген. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети