Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Балаларға арналған Bugatti Veyron 40 мың долларға түсті

09 Сәуір 2014, 20:48
0
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz
©atc-tuning.kz

Алматыда балаларға арналған суперкар Bugatti Veyron 40 мың долларға түсті, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматыдағы тюнинг студиясы жетекшісі Андрей Васильченко айтты. 

Идея авторының айтуынша, қазіргі таңда қарапайым тюнинг ешкімге қызық емес. Сондықтан ол жұртты таңғалдыратын өте қызық автокөлік ойлап табуды мақсат еткен. Васильченконың айтуынша, балаларға арналған суперкар Bugatti Veyron әзірге әлемде жоқ. Оны жасауға бір жылдан астам уақыт кеткен.

Суперкардың көшірмесіне негіз болған багги.  Шеберлер нағыз  Bugatti-дің өлшемдерін сақтай отырып, пенопластан макетін жасаған. Мамандар Veyron-ның әрбір ұсақ бөлшектеріне дейін қалдырмай көшірген. 

Балаларға арналған Bugatti-ге 40 аттың күшіндей қозғалтқыш қойылған, Оған 0,5 литр бензин сыяды. Ол салмағы 400 келілік, жылдамдығы сағатына 90 шақырымдық көліктен оза алады. Көліктің көлемі 3,5/1,5.  

Васильченконың айтуынша, бұл көлік жасөспірімдерге арналған, көлікпен жалпы жолдарда жүруге болмайды. Мұнымен тек автодромда немесе арнайы жолдарда жүру керек. Автодромнан қайтқанда жол полициясының қызметкерлері балаларға арналған көлікті нағыз Veyron деп ойлап, тоқтатып тексерген екен. Жіті тексере келе бұл аңызға айналған көліктің көшірмесі екеніне көздері жеткен. 

Bugatti Veyron әлемдегі ең мықты көлік болып саналады. Одан кейінгі орындарда Volkswagen Golf GT, Rolls-Royce Phantom көліктері иемденген. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай