Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесінің қазақстандық нұсқасы биыл дайын болады

09 Сәуір 2014, 19:12
0
©Omega.kz
©Omega.kz

"ЭРА-ГЛОНАСС" жүйесінің қазақстандық нұсқасын жасау 2014 жылдың соңында аяқталады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев айтты. Бұған дейін қазақстандық жүйеге "ЭВАК" деген атау берілгені хабарланған болатын.

Қазір жобаның борттық терминалдардан қабылданған дабылды өңдеп, шұғыл қызметтерге беретін бағдарламасы жасалып жатыр. Сондай-ақ қажетті жабдықтар сатып алынуда. Асаубаев елімізде жол қозғалысы туралы заңға "ЭВАК" жүйесінің жұмысын реттейтін өзгертулер енгізілгенін айтты.

Бұл жүйені енгізудің мерзімі 2015 жылдың басында күшінде енетін Кеден одағының техникалық регламентіне тікелей тәуелді. Асаубаевтың айтуынша, бұл уақытқа дейін барлық автобустар, жүк көліктері мен қауіпті жүк таситын көлік құралдары аталған жүйеге қосылады. Комитет төрағасы төтенше жағдайлар қызметі тиісінше инфрақұрылымды дамытып жатқанын да айтты. Борттық терминалдардан алынған дабылға шұғыл әрекет ететін дәрігерлік-құтқару тұрақтарының қатары көбейтіліп жатыр. Жаңа жүйе шұғыл қызметтердің оқиға орнына келуін 30%-ға қысқартады. Асаубаевтың айтуынша, жүйеге қосылған жабдықты орнату күрделі емес, ол көлікке дабыл орнатқанмен бірдей.

2017 жылдан бастап, "ЭВАК" борттық терминалы Қазақстанда өндірілген және елімізге шетелден әкелінген барлық автокөліктерге міндетті түрде орнатылатын болады. Асаубаевтың айтуынша, шетелдік өндірушілер көліктерді қазірдің өзінде осындай құрылғылармен жабдықтап шығарып жатыр. Шетелде орнатылған құрылғылар елімізде "ЭВАК" жүйесімен үйлестірілгеннен кейін жұмыс істейтін болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай