03 наурыз 2019 15:12

Жамбыл облысында өнерптапқыш "Lamborghini" құрастырып шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Жамбыл облысы Шу ауданында 67 жастағы Мейя Тафиков Lamborghini автокөлігінің көшірмесін құрастырып шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Жамбыл облысы Шу ауданында 67 жастағы Мейя Тафиков Lamborghini автокөлігінің көшірмесін құрастырып шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Спорттық көлікті құрастыруға зейнеткердің 9 жыл уақыты кеткен. Өнертапқыш ескі көліктердің бөлшектерін пайдаланған. Трактордың радиаторы да қолданылған, ал кейбіреуін өзі темірден құйып жасаған. Автокөлікті мобильді телефон арқылы оталдыруға болады. 

Қазіргі уақытта өнертапқыш көліктің салоны мен электр сымдарын қосымша жөндеп жатыр. Ер адамның айтуынша, оның көлігіне қызығушылық танытқандар көп болған, кейбіреулері сатып алмақшы екен. Өнертапқыш көлікке әжесінің анасының құрметіне "Фидана" деген атау берген. Ол әзірге суперкардың құжаттарын рәсімдеп үлгермепті. 

"Honda көлігінің төменгі бөлігін алып, оны кескілеп, кеңірек етіп шығардым. Қанаттарын өзім жасадым. Мен оны ұшатын еткім келді. Сосын туыстарым мен достарым маған былай деді: "Осының саған не керегі бар?". Барлығын дайындап қойдым", - дейді Мейя Тафиков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети