07 қыркүйек 2015 22:08

Қазақстанда 2555 Porsche, 261 Bentley және 78 Maybach көлігі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© auto.gazeta.kz © auto.gazeta.kz

Қазақстанда бүгінде 2989 қымбат автокөлік тіркелген. Бұл туралы "Курсив" газеті Қазақстанның ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.


Қазақстанда бүгінде 2989 қымбат автокөлік тіркелген. Бұл туралы "Курсив" газеті Қазақстанның ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Есепте автомобильдер қайдан әкелінгені немесе шыққан жылы бойынша сұрыпталмады, басты ерекшелігі деп олардың бағасы алынды. 

Қазақстанда элиталық маркадағы көлік Porsche екен. Неміс өндірушісінің елімізде 2555 дана көлігі бар болып шықты. Porsche көлігінің көш бастауына концерннің Cayenne және Macan сияқты маркаларының болуы себеп. Екінші орында Bentley көлігі тұр - 261 дана. Үшінші орынды Maybach алып отыр - 78 дана. 

Сонымен қатар, Қазақстанда 48 дана Rolls-Royce, 20 дана Ferrari, 15 дана Aston Martin (олардың ішінде біреуі сирек түрі - 77 One), 11 Lamborghini және бір Bugatti бар.

Басылымның мәліметінше, Қазақстандағы жалғыз Bugatti - әлемдегі ең қымбат саналатын Bugatti Veyron 16.4 Grand Sport Vitesse суперкары. Бұл автомобильдің ең жоғары жылдамдығы - сағатына 410 шақырым, нольден жүзге дейін 2,6 секундта жетеді екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети