25 тамыз 2015 11:42

Қырғызстаннан автокөлікті Қазақстанға баж салығынсыз әкелуге 5 жылдан кейін рұқсат етіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қырғызстаннан автокөлікті Қазақстанға ЕАЭО бірыңғай кеден тарифі бойынша баж салығынсыз әкелуге тек 2020 қаңтарынан бастап рұқсат етіледі, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай регламент бүгін, 25 тамызда күшіне енді. Бұл туралы ҚР экономика министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Қырғызстаннан автокөлікті Қазақстанға ЕАЭО бірыңғай кеден тарифі бойынша баж салығынсыз әкелуге тек 2020 қаңтарынан бастап рұқсат етіледі, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай регламент бүгін, 25 тамызда күшіне енді. Бұл туралы ҚР экономика министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Қырғызстаннан пайдалануда болған автокөліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынған, алайда Қырғызстан азаматының жүргізуінде және транзит түрінде кіруге болады. Ал барлық басқа жағдаqда кедендік баж салығы төленуі керек, бұл ереже Қырғызстанның ЕАЭО құрамына өтпей тұрғанында күшіне енген.

"Қырғызстаннан пұрсатты төлем бойынша әкелінген, басыбайлы берілген, пайдалануға өткізілген автокөліктерді ЕАЭО территориясына кіргізу және пайдалану кедендік баж салығы мен салықтарының айырмасының сомасының төлеген жағдайдағы мағұлымдаудан кейін ғана рұқсат етіледі", - делінген ҚР экономика министрлігінің хабарламасында.

Бірыңғай тарифтер бойынша Қырғызстаннан көлікті Қазақстан территориясына тек 5 жылдан кейін әкелуге рұқсат етіледі. Мұндай шарттар ЕАЭО құрамына ену кезінде Қазақстанның мүддесіне қарай қойылған еді. Себебі Қазақстан тарапы өзінің автомобиль нарығын қауіпсіздендіргісі келді.

Айта кетейік, ҚР экономика министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанға автомобильдерді үшінші елдерден ЕАЭО-ға мүше елдердеге қарағанда төмен төлем көрсеткіштері арқылы әкелуге екі жыл уақыт берілді. Алайда 2020 жылға дейін Қырғызстан бірте-бірте жағдайды теңестіруге міндеттелді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети