15 тамыз 2014 21:09

Сирек кездесетін Ferrari 250 GTO көлігі 38 миллион долларға сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-та өткен аукционда сирек кездесетін Ferrari 250 GTO көлігі 38 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-та өткен аукционда сирек кездесетін Ferrari 250 GTO көлігі 38 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

1962 жылы шығарылған Ferrari 250 GTO Berlinetta автокөлігі Колифорнияның Кармел қаласындағы Bonhams бәссауда үйінде сатылымға қойылып, 38,115 миллион долларға сатылды. Бұл еш айдалмаған, сирек кездесетін автокөліктер арасындағы аукционда сатылған рекордтық сома. Бұған дейінгі рекорд 1954 жылы шығарылған Mercedes-Benz W196 автокөлігіне тиесілі еді. Ол 29,97 миллион долларға сатылған. 

Бәссаудаға қойылмас бұрын Ferrari 250 GTO Berlinetta көлігі Maranello Rosso топтамасында болған. Оның иесі 2010 жылы қайтыс болып кеткен кәсіпкер әрі бұрынғы көлік жарыстарына қатысушы Фабрицио Виолати болған. Оның топтамасында Ferrari автокөлігінің 25 түрі бар. 

2013 жылы Ferrari 250 GTO Berlinetta маркасындағы тағы бір көлік америкалық Пола Паппалардо коллекциясынан белгісіз біреуге 52 миллион долларға сатылған деген әңгіме бар. Десе де, ол кезде автокөлік нақты қанша сомаға сатылғанын анықтау мүмкін емес, өйткені ол бәссаудадан сатылмады.

Еске салайық, 2013 жылдың қараша айында Нью-Йорктың Sotheby` аукционында 14,3 миллион долларға 1964 жылы шығарылған Ferrari 250 LM сатылған еді. Автөкөлік Carrozzeria Scaglietti дизайнерлік шеберханасында жасалған. Оның иелері 1986 жылы "Дайтонның 24 сағаты" жарысын жеңіп алған жүргізушілер Фаусто Морелло мен Гильермо Ортеге.

Негізі Ferrari 250 GTO Berlinetta FIA GT3 жарыстарына қатысу үшін құрастырылған. Бұл модельдің мөлшері үш литр, ал қозғалтқышы 300 аттың күшіне тең. Көлік жылдамдығы сағатына 298 шақырымға дейін жетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети