Massaget.kz - жастар тақырыбына арналған үздік сайт атанды

06 Қараша 2016, 19:18
0
© massaget.kz/Тимур Асылханов
© massaget.kz/Тимур Асылханов

Астанада "Назарбаев орталығында" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген үздік қазақ тілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда Massaget.kz порталы топ жарып, "Жастар әлемі" - жастар тақырыбына арналған  үздік сайт атанды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған байқау интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал етуді мақсат етті.

Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 40-тан астам өтінім түскен екен. Сарапқа түскен сайттар 7 аталым бойынша іріктелген. Нәтижесінде:

Massaget.kz сайты "Жастар әлемі" - жастар тақырыбына арналған  үздік сайт аталымы бойынша жеңімпаз болып танылды.

Сондай-ақ, "Өткір тіл" - қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша qazaquni.kz порталы, "Рухани азық" - қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша qasym.kz порталы, "Терең ізденіс" - қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша kazmuseum.kz сайты, "Шынайы өмір" - қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт аталымы бойынша tobyl-torgai.kz сайты, "Спорт тынысы" - салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша dodasport.kz сайты, "Білім бұлағы" - білім беретін үздік сайт аталымы бойынша martebe.kz сайты марапатталды. 

Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының дипломдары мен ақшалай сыйлық тапсырылды. 

Байқауға ғаламторда тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, тек қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысқан болатын. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай