Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда Абылай хан хатының түпнұсқасы көрмеге қойылды

28 Сәуір 2015, 14:33
0
Хандар шежіресі.
Хандар шежіресі.
Көрмеге "Ғылым ордасы" РМК Ғылыми кітапханасының сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырлардағы материалдар қойылды.
Көрмеге "Ғылым ордасы" РМК Ғылыми кітапханасының сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырлардағы материалдар қойылды.

Алматыда өткен бірегей көрмеге Абылай хан хатының түпнұсқасы қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ көшпенділері мен Ресей арасына шекара қою туралы хат Сібірдің губернаторы Иван Шпрингерге жолданыпты. Абылай хан бұл хатты араб жазуының көмегімен қазақ тілінде жазған. Сонымен қатар, көрмеге Абылай ханның Тобыл губерниясының губернаторы Денис Чичеринге жазған хатының көшірмесі қойылды.

Сондай-ақ, көрмеге "Ғылым ордасы" РМК Ғылыми кітапханасының сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырлардағы материалдар қойылды, олардың арасында Хандар шежіресі бар. Экспозициялар арасында: парсы тілінен аударылған "Рашид-ад-Дин" жылнамалар жинағы, Дешті Қыпшақ хандығы жайлы очергтер мен Сарай атырабындағы нақты зерттеулер, Владимир Вельяминов-Зернов, Шоқан Уәлиханов, Василий Радлов, Лев Гумилев сынды шығыстанушылардың еңбектері, Қазақстан ғалымдарының заманауи ғылыми материалдары мен XII-XX ғасырлардағы парсы, орыс, моңғол, қытай, түрік және батыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы бойынша материалдар қойылды.  

Айта кетейік, сонымен қатар Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай "дөңгелек үстел" өтті. Шараға ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, академиктер, тарихшылар мен философтар қатысып, Қазақ хандығына қатысты баяндамаларын оқыды.

Еске сала кетейік, 2013 жылы қазақстандық тарихшылар Қытайдан Абылай ханның хатын әкелген болатын, ол хат император Цянь Лунюға жолданған. Тарихшы ғалымдардың мәліметінше, қытай мұрағатында Қазақстан үшін беймәлім қалып отырған тағы 3 мыңнан аса құжат бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай