21 сәуір 2014 18:12

"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©meloman.kz ©meloman.kz

"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауына жұмыстарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ұйымдастырушылары таратқан баспасөз баянына сілтеме жасап.


"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауына жұмыстарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ұйымдастырушылары таратқан баспасөз баянына сілтеме жасап.

Жүлденің мақсаты – заманауи авторлардың шығармаларына оқырманның назарын аудару, қазақстандық заманауи әдебиетті дамыту. Байқау "Жылдың ең үздік поэзиясы", "​Жылдың ең үздік прозасы", "Жылдың ең үздік драматургиясы", "Жылдың ең үздік балалар шығармасы" және "Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін" аталымдары бойынша өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық шығармалар abai.kz сайтына орналастырылады. Жүлдегерлер сайт оқырмандарының үздік шығарманы таңдауы арқылы анықталады. Оқырмандар лайықты әдеби туындыға 2014 жылдың 1 маусымына дейін дауыс береді. Кез келген адам танымалдылығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына және т.б жағдайларға қарамастан жүлдеге қатысуға құқылы. Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған шығармаларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmal.com электронды мекен-жайына жіберуге болады. Әдеби жүлденің қорытындысы 2014 жылдың маусым айында жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети