06 наурыз 2014 18:21

"Айқын" газетін 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрация ©Алаш айнасы иллюстрация ©Алаш айнасы

10 жыл бұрын күнделікті шыға бастаған "Айқын" газетінің қазақ журналистикасына әкелген өзіндік лебі бар. Жылдам қимылдап, тың ақпараттар жариялаған редакция ұжымы азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері "Ақ сөйле!" мінберінен сөз алып, елдік мәселелерді қаузаса, "Жүректің көзі" айдарында өзінің ішкі жан сырымен бөлісті. Ал "Көкейдегі сауал" айдары арқылы қоғам қайраткерлері ел өмірінде күнделікті орын алып жатқан өзекті мәселелерге дереу көзқарасын білдіріп, өз үнін халыққа жеткізіп отырды. Елбасының және еліміздің бас партиясы – "Нұр Отан" жүргізетін саясатты қалтқысыз қадағалап, оны оқырманына жеткізуде де газеттің әлеуеті зор. Сондай-ақ 10 жыл ішінде жедел жаңалықтар тудырып, қоғамдағы мәселелерді көтере білген газет кәсіби және тәжірибелі журналистика мамандарын дайындады. Ойлап қарасақ, күнделікті газеттің 10 жылдық жұмысы апталық газеттің 50 жылдық жұмысына пара-пар келеді екен. "Алаш айнасы" басылымы "Айқын" газетін бүгінгі атаулы күнімен құттықтай отырып, ұжымына шығармашылық табыс, газетке жарқын болашақ тілейді!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети