27 ақпан 2014 15:49

"Бабалар сөзі" 100 томдығының тұсауы Семейде кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фотосурет автордікі фотосурет автордікі

Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте "Бабалар сөзі" атты қазақ фольклорының 100 томдығы топтамасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Астанадағы "Фолиант" баспасы мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жарық көрген 100 томдықтың алғашқы тұсаукесерін елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ақын-жазушылардың қатысуымен өткізген болатын. Енді, міне, аталған 100 томдықтың еліміздің аймақтарындағы тұңғыш тұсаукесер рәсімі Семейде өткізілді. Семейде өткен тұсаукесерге белгілі жазушы Медеу Сәрсеке, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов, аталған университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлнар Искакова, "Фолиант" баспасының жетекші редакторы Ботагөз Мұхиден, филология факультетінің деканы Айбар Қадыровтар қатысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған "Мәдени мұра" бағдарламасының арқасында ұлттық фольклорымыздың басым көпшілігі біртұтас серия түрінде "Бабалар сөзі" деген атаумен 100 том көлемінде жарыққа шығып отыр. Мәселен, батырлық жырдың өзі – 20 том, тарихи жыр – 13 том, діни дастандар – 7 том, хикаялық дастандар – 13 том, ғашықтық дастандар – 8 том, ертегілер – 5 том болып шықты. Бұлар – ірі жанрлар. Шағын жанрлардың өзі 1-3 томнан тұрады. Осыншама қыруар еңбекті абыроймен атқараған – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Астанадағы "Фолиант" баспасы. "Қазақ елінің әр өңірінде өткізуді тиіс санаған бұл шараның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай фольклорын қалың жұртшылыққа толықтай таныстыру, ауыз әдебиетіміздің түр, мазмұн, жанрлары мен көркемдігі жағынан да баға жетпес асыл мұрасын паш ету", - дейді "Фолиант" баспасының жетекші редакторы Ботагөз Мұхиден.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети