28 желтоқсан 2014 18:26

Белгілі ақын Ибрагим Иса өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ибрагим Иса. Фото alashainasy.kz сайтынан Ибрагим Иса. Фото alashainasy.kz сайтынан

Көрнекті ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Ибрагим Иса 65 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Көрнекті ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Ибрагим Иса 65 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ибрагим Иса 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысындағы Сырдария ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай тәмамдаған.

Ол Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық творчествосы үйінде нұсқаушы-әдіскер, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші әдіскер, "Ара" журналында фельетоншы, "Жалын" альманахында редактор, "Сахна - сцена" журналында бас редактор, "Сақшы - На страже" газетінде, "Арай" журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет етті.

Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. "Ән-аға1 атты ән альбомы шыққан. Ибрагим Иса "Еңбекте үздік шыққаны үшін" медалімен марапатталған. Оның "Алтын сырға" атты өлеңдер жинағы, "Таң алдындағы ән", "Тербеледі қайыңдар", "Жанымның жарығы" атты өлеңдер мен балладалар жинағы жарық көрген.

"Алаш айнасы" басылымы ақынмен қоштасу Алматы қаласында, Жазушылар одағы ғимаратында 29 желтоқсан күні сағат 10.00-де өтетінін хабарлайды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети