02 ақпан 2016 13:06

Белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазақстан" телеарнасының кадры © "Қазақстан" телеарнасының кадры

Белгілі ғалым, қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы.


Белгілі ғалым, қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі Әуелбек Қоңыратбаевтың бейнежазбасы табылды, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бейнежазба өткен ғасырдың 80-ші жылдары түсірілген. Ұлт зиялысы көрермендер арасынан көзге шалынады. Бейнетаспа иесі, ғалымның ұлы Тынысбек Қоңыратбаев оны аса құнды жәдігерге балайды.

Әуелбек Қоңыратбаев - қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі. Оның үлкен табыстарының бірі - "Ежелгі түркі тайпалары поэзиясы және қазақ фольклоры" тақырыбындағы докторлық диссертациясы. Бұл еңбек өзінің құндылығымен Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Бейсенбай Кенжебаев сынды ғалымдардың назарына ілігіп, жоғары бағасын алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети