30 қыркүйек 2016 17:10

Блогер бүлдіршіндерге ертегі оқу үрдісінің жоғалып бара жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал Massaget.kz блог-платформасында Айнұр Кошурбаева есімді блогер қазіргі таңда бүлдіршіндерге ертегі оқудың әлдеқайда сиреп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, ата-аналар ертегінің маңыздылығын қажетті деңгейде бағаламай жүр. Сондықтан блогер бүлдіршіндерге ертегі оқудың маңыздылығына тоқталады.


Танымал Massaget.kz блог-платформасында Айнұр Кошурбаева есімді блогер қазіргі таңда бүлдіршіндерге ертегі оқудың әлдеқайда сиреп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, ата-аналар ертегінің маңыздылығын қажетті деңгейде бағаламай жүр. Сондықтан блогер бүлдіршіндерге ертегі оқудың маңыздылығына тоқталады.

Айнұрдың айтуынша, біріншіден, ертегілер арқылы сәби адамгершілікті үйрететін нағыз қасиеттерді қызықты бейнелер арқылы санасына сіңіріп алады. Әрі адамгершілік, кішіпейілділік, ақылдылық, достық және шынайы махаббатқа үйренеді. Мәселен, бүлдіршін "Мақта қыз бен мысық" ертегісін оқыса, қалағанын тек ерең еңбекпен, дегеніне талпынып-тырысып қана жетуге болатынына көз жеткізеді. Орыстың "Теремок" ертегісі болса шынайы достық, әлсіз бен кішіге көмек беруге баулитынын айтады блогер.

Сондай-ақ, блогер "бүгін қолы бос емес ата-аналардың қызғаншақтыққа, агрессияға баулитын Спанч Боб секілді мультфильмдерді" көрсету арқылы бала көңілін оңай аулайтынына наразылық танытып отыр. Оның ойынша, айламен біреуді алдау, ақшаға құмарлық, әлсіздерге немқұрайлы қарау жақсылыққа үйретпейді.

Балаларға ертегі оқу қажеттілігінің екінші себебі деп блогер ертегілер арқылы баланың көркемділікке, әдеби тілге, риторикаға және жалпы өнерге жақындайтынын айтады. Ол ата-аналарға ертегіні екпін мен паузаларды сақтап, әдеби-көркем тілде баяндауға кеңес береді. Оның айтуынша, осындай жолмен жақын уақытта бүлдіршінге әдемі сөйлеу нормаға айналады.

Ал үшінші себеп деп, автор ұйықтағалы жатқан бүлдіршіннің ертегіні ұйып тыңдап, айтқанына құлақ асатынын қасиетті бойға сіңіретінін айтады. Блогердің айтуынша, кейде ұрысып үйреткеннен, кешкісін ертегімен дұрыс істерге баулыған жөн. Сонымен қатар, автор "Мақта қыз бен мысық", "Ұр, Тоқпақ!", "Қанбақ шал" секілді ертегілерді жиі оқуға кеңес береді. "Егер балақай бірдеңе бүлдіріп қойып, кінәсін түсінбей жүрсе, ұқсас оқиғалы қызықты ертегіні өзіңіз құрастырып айтыңыз. Қиялында біраз ойланып, ақ-қарасын ажырата алуына септігін тигізеді", - деп жазады блогер.

Қорытындылай келе блогтың авторы Альберт Эйнштейннің сөзін мысалға келтіреді: "Және соңғысы, Ертеде Альберт Эйнштейнге "Балаларымызды қалай ақылдырақ етуге болады?" деген сұрақ қойылады. Ғалымның жауабы қысқа да нұсқа болып шықты. Ол "Егер сіз ақылды бала қаласаңыз, оған ертегі оқыңыз. Егер одан да ақылды болсын деп армандасаңыз, одан да көп ертегі оқыңыз" деп айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети