26 ақпан 2014 | 14:36

"Дін мен дәстүр" кітабы жарыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Иманға шөліркеген жанды рухани сусындататын ізгіліктің жаршысы болған құнды кітаптарымыз тағы бір еңбекпен толықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен "Дін мен дәстүр" кітабы жаны жақсылыққа құштар жамағатқа жол тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Әлхамдулилла, ата-бабамыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында халқымыз дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік алды. Мақсатымыз – ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәзһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Қолыңыздағы кітап сондай игі бастаманың жемісі", – дейді "Дін мен дәстүр" кітабының алғы сөзін жазған Бас мүфти. Еңбекте дәстүр туралы түсінік, дәстүрдің діндегі орны, қазақ халқының имани дәстүрлері, иманы қарым-қатынас, тілдегі айғақтар, ислам мен дәстүріміздің қабысатын тұстары жайлы жан-жақты мағлұматтар берілген. Сонымен қатар қазақ мақал-мәтелдерінің Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерімен сәйкес келетіндігіне дәлелді айғақтар жазылған. Сондай-ақ, аталмыш кітапта қазақ халқының салт-санасы, таным-түсінігі, ой-тұжырымдары Ислам қағидаттарынан бастау алатыны паш етілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети