23 қазан 2016 22:33

Еліміз тәуелсіздік алған 25 жылдан бері қазақстандық 25 кітап Германияда неміс тіліне аударылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ © ҚР СІМ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Германияда "Қазақ кітапханасы" жобасының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Халықаралық Франкфурт кітап көрмесі аясында "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - қазақ кітапханасының 25 кітабы" атты ұранмен "Қазақ кітапханасы" жобасының мерейтойлық тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілдеріне сілтеме жасап.


ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Германияда "Қазақ кітапханасы" жобасының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Халықаралық Франкфурт кітап көрмесі аясында "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - қазақ кітапханасының 25 кітабы" атты ұранмен "Қазақ кітапханасы" жобасының мерейтойлық тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілдеріне сілтеме жасап.

Тұсаукесерге Германияның қоғамдық-саяси және зияткерлік топтарының өкілдері, неміс сарапшылары мен журналистері, көрмеге келушілер қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев өз сөзінде қонақтарды "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының маңызды кезеңдерімен, сондай-ақ елдің ұлттық рухани байлығын қамтамасыз ету және оның тұрғындарының ұлттық сана-сезімін нығайту саласындағы ұлттық саясаттың құрамына тарихты, философияны, этнографияны, тіл мен әдебиетті дамыту кіретін негізгі бағыттарымен таныстырды. Осыған орай, ҚР МСМ жауапты хатшысы "Қазақ кітапханасы" жобсының практикалық құндылығын атап өтті.

Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов неміс аудиториясына Германиядағы "Қазақ кітапханасы" жобасының іске асырылу тарихы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті. Қазақстандық дипломат ел басшылығының жан-жақты қолдауының арқасында Германияда да басқа неміс тілді елердегідей қазақстандық жазушылардың жиырма бес шығармасы жарық көргенін атап өтті, олардың жұмыстары неміс оқырмандарын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен кеңірек таныстыруға және осылайша, біздің халықтарымызды рухани жағынан жақындатуға мүмкіндік берді.

Неміс журналистері одағының мүшесі Константин Далибор "Қазақ кітапханасының" тұсаукесерін өткізу үшін Франкфурт кітап көрмесінің бірегейлігін атап өтті. Ол екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге арналғанын және біздің елдеріміздің болашақ ұрпағы үшін мәдени ынтымақтастықтың аса маңызды екенін айтты, себебі, оның айтуы бойынша, ұзақ мерзімді болашақта көпшіліктің ақыл-ойы мен жүректерін тек әдебиет пен жазу өнері ғана жаулап ала алады. Кітап көрмесін ұйымдастырушы Юрген Верц компанияның ұзақ мерзімді болашаққа арналған жоспарларымен таныстыра отырып, Қазақстанды болашақта көрменің ресми әріптесі ретінде қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Іс-шара барысында неміс әдебиеттанушысы Л. Кошут сөз сөйледі. Белгілі неміс жазушысы және әдебиет сыншысы  жобаның тарихи және рухани маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол соңғы елу жыл ішіндегі Қазақстан жазушыларымен өткен кездесулері мен әңгімелесуі туралы өз естеліктерімен де бөлісті. Неміс жазушысы қазақ әдебиетінің дамуы жөніндегі көптеген очерктердің және қазақ авторларының туындыларына пікірсараптардың авторы болып табылады. 2002 жылы Л. Кошут "қазақ әдебиетін насихаттауға және Қазақстан әдебиетін неміс тілінде басып шығаруға қосқан едәуір үлесі үшін" Михаил Дудиннің сыйлығына ие болды.

СІМ өкілдері атап өткендей, "Қазақ кітапханасы" жобасын Қазақстанның Германиядағы Елшілігі 2006 жылдан бастап іске асырып келеді, оның аясында осы уақытқа дейін қазақстандық авторлардың 25 туындысы неміс тілінде жарияланған. Олардың арасында Мемлекет басшысының "Еуразия жүрегінде", "Қазақстан жолы" кітаптарын, сондай-ақ Мұхтар Әуезов, Тахауи Ахтанов, Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев. Фариза Оңғарсынова. Дүкенбай Досжан, Әбіш Кекілбаев, Герольд Бельгер, Олжас Сүлейменов сияқты белгілі қазақ авторларының туындыларын да ерекше атап өту қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети