31 қазан 2014 12:57

"Еліне ұран болған Ер Жәнібек" байқауының жүлдегерлері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Erjanibek.com ©Erjanibek.com

"Еліне ұран болған Ер Жәнібек" атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаудың нәтижесі шықты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қорының өкілі хабарлады. Байқауға түскен шығармалардың ішінен 12 прозалық шығарма іріктеліп алынды.


"Еліне ұран болған Ер Жәнібек" атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаудың нәтижесі шықты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қорының өкілі хабарлады. Байқауға түскен шығармалардың ішінен 12 прозалық шығарма іріктеліп алынды.

"Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған прозалық шығармалар бәйгесінің әділ қазылар алқасында қазақтың белгілі жазушылары мен ақындары, мемлекет қайраткерлері бар. "Байқауды бағалау комиссиясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері және Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, "Ақиқат" журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, көрнекті ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, ақын, ұстаз Мұрат Шаймаранұлы. Қазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Кәкен Қамзин болды", - делінген хабарламада. 

Шығармаларды бағалау барысы балл жүйесі арқылы жүзеге асырылып, қазыларға тек шығармалар ғана берілді және шығарма авторлары көрсетілмеді. Байқауға прозалық мүшәйра шарттарында көрсетілгендей шығармалар таңдап алынды.

Төменде жүлделі орыннан көрінген шығармалар мен оның авторлары:

Бас жүлде:

Қанат Әбілқайыр – "Қарға тамыр" (әңгіме);

Бірінші орын:

Мұрат Алмасбекұлы – "Үш бейіт" (әңгіме);

Екінші орын:

Ұлан Бапай – "Алтайдан биік асқар бар" (әңгіме);

Мейіржан Әуелханұлы – "Арыстан көл" (әңгіме);

Үшінші орын:

Айгерiм Амалбеkова - "Еліне ұран болған Ер Жәнібек" (әңгіме);

Бақытбек Қадырұлы – "Кері түс" (әңгіме);

Сарқытқан Қастер – "Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық" (эссе);

Арнайы жүлде:

Қойшыбек Мүбарак – "Бөрілі көш" (әңгіме)

Бәтима Ахметова – "Әулие бұлақ" (әңгіме)

Абылайхан Есімбай – "Еліне қорған болған Ер Жәнібек" (әңгіме)

Қуаныш Қаппас – "Алтайда арман көп" (әңгіме)

Сағадат Ордашева – "Қан майданда қайтыс болған қарғашым" (әңгіме)

Байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының басында өтеді. Хабарландыру қордың ресми сайтында жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети