22 шілде 2014 11:14

Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның "Жібек жолы" медалімен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Даниал Окасов Фото ©Даниал Окасов

Бүгін Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының Бірінші өңіраралық кеңесі өз жұмысын бастады. Оның барысында Астана қаласының әкімі ИманғалиТасмағамбетов ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың нығаюына, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолы мұрасын сақтауға аса көрнекті үлес қосқаны үшін Ұйымның "Жібек жолы" құрметті медалімен марапатталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ЮНЕСКО Қазақстанның халықаралық бастамаларына үнемі ерекше назар аударуда. Сонымен қатар, осындай халықаралық форумды өткізу біз үшін үлкен мәртебе", - деп атап өтті қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов марапаттау рәсімінде. Тоқтала кететін жайт, Астана әкімі ұзақ жылдар бойы ЮНЕСКО құрылымымен тікелей жұмыс істеп, Қазақстанның ұлттық комиссиясын басқарған болатын.

"Мен үшін бұл жылдар кәсіби тұрғыда, сонымен бірге әлемнің түрлі елдеріндегі әріптестеріммен жеке қатынаста да ұмытылмас сәттерімен ерекше. Сондықтан бүгін осындай беделді халықаралық ұйымның марапатына ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің ғана еңбегім емес, ЮНЕСКО миссиясын орындауда білімі мен жанын берген барлық әріптестеріме берілген жоғары баға", - деп атап өтті Ұлттық комиссияның экс-төрағасы.

Еске сала кетейік, Астанада алғаш рет өткізіліп отырған аталған іс-шара жұмысына ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік топтарынан (Араб мемлекеттері, Азия және Тынық мұхиты, Еуропа және Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Кариб бассейны) өкілдік ететін 125 елдің Ұлттық комиссияларының өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, кеңес ынтымақтастықты нығайту және Ұлттық комиссиялардың таңдаулы тәжірибесін ілгерілету жөніндегі жалпы кеңестер өткізу үшін ЮНЕСКО штаб-пәтерінен тыс әлемнің барлық өңірінің Ұлттық комиссияларын біріктіреді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети