16 мамыр 2014 15:09

Исраил Сапарбайдың әдеби-музыкалық шығармашылық кеші өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ ©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ

 24-мамыр күні, яғни сенбі, сағат 19.30-да Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының концерт залында (Төле би және Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысы) ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері Исраил Сапарбайдың "Сенің туған күніңде" атты әдеби-музыкалық (поэзия, ән, би) шығармашылық кеші өтеді. Кешке танымал эстрада жұлдыздарымен қоса талантты жас әншілер және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері қатысады.

Күнделікті өткізіліп жүрген машықты, стереотиптік сипаттағы концерттерден аталмыш кештің басты айырмашылығы мен өзгешелігі – үлкен-үлкен үш бірдей өнер саласының, яғни Поэзия, Ән, Бидің бір-бірімен кірігіп, бірігіп тұтастай шығармашылық кешке айналуы. Әрине, бұл автор үшін де, қойылым режиссері үшін де үлкен еңбекті, ыждағатты ізденісті талап етеді.

Айта кету керек, өткен жылдың 5-6-мамыры күндері М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында И.Сапарбайдың "Махаббат маусымы" атты әдеби-музыкалық өнер кеші өткен болатын. Кеш көрермен-тыңдарман қауымы тарапынан үлкен қызығушылық туғызып, жақсы жаңалық тұрғысында бағаланды. "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы бұл кешті толықтай түсіріп, бірнеше рет көрермен назарына ұсынған болатын.

Жоғарыда айтқандай, биылғы өткізілгелі отырған кезекті кеш те режиссер мен ақынның шынайы достығы мен бірнеше жылғы шығармашылық тандемінің игілікті жемісі. Анығырақ айтқанда, әрі ұстаз, әрі режиссер Мұрат Әбзелбаев, нәзік лирикалық ақын – "Махаббат шайыры" Исраил Сапарбай өздерінің өнер өрісіндегі көпжылдық тәжірбиелері мен қарым-қабілеттерін бір арнаға біріктіріп, көпшілік игілігіне ұсынып отыр. Бұл – іздеймін, табамын деген кісіге Өнер көкжиегінің шексіздігін аңғартса керек.

Ұлттық өнеріміздің көкжиегіне тағы бір көз жеткіземін десеңіз, "Сенің туған күніңде" деп аталатын кешті көріп, тамашалаңыз.

Кеш туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе, сондай-ақ кеш авторы – И.Сапарбаймен немесе қойылым режиссері М.Әбзелбаевпен сұхбат алмақ ниетте болсаңыз кештің баспасөз орталығымен хабарласуыңызға әбден болады.

Тел. 8 701 360 66 63, 8 727 354 06 07

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети