06 ақпан 2014 15:59

"Жас тұлпар" қозғалысына 50 жыл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары жастардың санасын серпілтіп, намысын оятқан "Жас тұлпар" қозғалысының құрылғанына бүгінде жарты ғасыр уақыт болыпты. Таяуда осы "Жас тұлпар" қозғалысының тарихынан сыр шертетін "Жас тұлпар дүбірі" атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осыдан жарты ғасыр бұрын Мәскеуде білім алған бір топ жас қазақ ұлтының тамырын іздеп, ертеңіне алаңдаушылық танытып, ұлттық мүдде үшін күресуге бел буған еді. Білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан қазақтың қайсар ұл қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттер Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжан сынды біртуар азаматтар болатын. Олар "Жас тұлпар" атты ұйым құрып, ең алдымен Мәскеуде оқитын 1438 қазақ жастарының басын қосты. "Жас тұлпар" өзінің эмблемасын, туын жасады. Жастұлпарлықтардың үш түстен тұратын (қара, қызыл, көк) туына тұлпардың суреті салынған болатын. Осы туды сол тұста Мәскеуде білім алған белгілі қырғыз суретшісі Асаналы Бейшенов салған екен. Идеясы белгілі суретші Бахтияр Тәбиевтікі. Қара түнектен шығып, қызылды аттап, көкке жетеміз деген көкейдегі арманды ту еткен жастар кейіннен Ресейдің басқа қалаларында оқитын қазақ жастарын да осы ұйымға тарта бастады. Алғашында әдеби, мәдени үйірме ретінде жұмысын бастаған бұл ұйым туралы сыбыс Қазақстандағы жастардың құлағына да жете бастады. Егемендікті армандауға да батылы бармаған қазақ жастарында үміт пайда болды. Жиындарда жастар қазақ ақындарының өлеңдерін оқып, тарих жайлы ой бөлісіп, ұлт мәселесін талқылайтын. "Жас тұлпардан" кейін еліміздің әр қаласында, айталық, Қарағандыда "Жас қазақ", Қостанайда "Жас түлек", Өскеменде "Ұлттық мамандарға әділеттілік тобы", Семейде "Тайшұбар", Павлодарда "Жас ұлан", Алматыда "Сарыарқа", Шымкентте "Адыр қасқырлары" секілді жасырын ұйымдар құрыла бастады. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Алаш зиялылары мен кешегі желтоқсан көтерілісшілерінің арасындағы алтын көпірдей болған "Жас тұлпар" сынды ұйымдар жіті зерттеуді қажет етеді. Осы ұйым туралы алғаш жазылып отырған Әміржан Әлпейісовтың "Жас тұлпар дүбірі" болашақ үлкен зерттеулердің бастамасы. "Жас тұлпар дүбірі" кітабының тұсаукесер салтанаты Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өтті. Мұның да өз маңызы бар. Осыдан 48 жыл бұрын тура 6 ақпан күні жастұлпарлықтар қазіргі өнер академиясының залында бас қосқан екен. Қудалаушылардың таяғына іліну қаупі тұрса да, тайсалмаған жастардың осы залда бас қосуына Мырзатай Жолдасбеков мұрындық болған. Сол заманда жастұлпарлықтарға Д.Қонаевтың да шапағаты тиген. Салтанатты жиынға кешегі жастұлпарлықтар, бүгінгі қазақтың зиялы азаматтары, қоғам қайраткерлері қатысы. Кеш барысында ұйымның мүшесі болған Нұрғиса Тілендиевтің "Жас тұлпар" әні орындалды. "Жас тұлпар дүбірі" атты кітаптың тұсаукесер салтанаты туралы толығырақ "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети