27 наурыз 2014 14:30

Кітап шығару үшін 1 млрд 169 млн теңге бөлінді - Мәдениет министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аlashainasy.kz ©Аlashainasy.kz

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулары енгізу жобасы қаралды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулары енгізу жобасы қаралды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта бюджетке өзгеріс енгізу туралы заң жобасын қарау кезінде Үкімет мүшелері де қатысқан болатын. Талқылау барысында Сенат депутаты Нұрлан Оразалин: "Біздің ең басты идеологиялық құралымыздың бірі - кітап. Мәдениет пен ақпарат саласы екіге бөлінгелі кітап шығару ісі қай министрлікте қалды? Сонымен қатар, кітап, электронды ақпарат құралдары мен газет шығару жағынан келгенде девальвацияның үлесі қаншалықты деңгейде болды? Бұрын бекітіліп кеткен қаржылардың үстінен үстеме қосылды ма?", - деп сауал жолдады.

Таяуда ғана Мәдениет және ақпарат министрлігі екіге бөлінгеннен кейін, бұл жағынан аса қатты өзгеріс болмағанын қос ведомствоның басшылары нақтылады.

"Біздің рухани байлығымыз ол - кітап. Өзіңіз айтып отырған кітап шығару мәселесіне қатысты 2014 жылға бюджеттен 1 млрд. 169 млн. теңге қарастырылған болатын. Қазіргі уақытта инфляцияға байланысты ол сома сол күйінде қалды", - деді Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ал Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев: "Кітап шығару министрлік екіге бөлінгеннен кейін Мәдениет министрлігінде қалды. Біздің тарапымыздан тек қана электронды ақпарат құралдарының жұмыстарымен айналысу міндеті ғана тұр. Девальвацияға қатысты электронды ақпарат құралдарына қатысты тиісті талдаулар жүргізілуде. Сол бойынша біздер ол жағын анықтайтын боламыз", - деп қайырды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети