17 қазан 2016 15:04

10 желтоқсанда Джейкобспен жұдырықтасудың сәті түсетін сияқты - Головкинның бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкинге қарсылық көрсететін америкалық боксшы орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс болмақ. Екі жақ кездесуді 10 желтоқсанға белгілеп отыр. 

"Бізде жекпе-жектің қай күні болатынын білеміз, және ол менің түсінуімше, жақын арада болады. Геннадий жаттығу жұмыстарын осы сәрсенбіде не бейсенбіде бастайды. Барлығы да 10 желтоқсанда Джейкобспен жұдырықтасуымызға келе жатыр. WBA кеңесі осы жекпе-жекке санкция берді, сондықтан шешуші кезең алда: не жоғарылайды, не үнін өшіреді", - деп жазады "Бокс ТВ" Санчестің сөзін. 

Осыған дейін боксшылардың промоутерлері Нью-Йоркте екі аренаны резервке қойғаны жарияланған. Том Леффлер 10 желтоқсанға Madison Square Garden аренасын брондаса, Джейкобс жағы Barclays Center аренасында өткенін қалап отыр.

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы Головкинды Джейкобспен жұдырықтасу үшін келісімшарт жасасуға 30 күн берген.

Сонымен қатар, WBA гонорарды бөлуде де Головкин жағына шыққан, ал бұл әрекет промоутер Том Леффлердің ойынша, Джейкобспен келісімшарт жасасуға қиындықтар туғызады. Әзірше алдын ала промоутерлік сауда 22 қазанға белгіленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети