26 желтоқсан 2018 17:53

2018 жылы бірде-бір жекпе-жек өткізбеген қазақ кәсіпқой боксшыларының тізімі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

анат Ислам мен Жанқош Тұраров. анат Ислам мен Жанқош Тұраров.

Massaget.kz порталы 2018 жылы бірде-бір жекпе-жек өткізбеген қазақ кәсіпқой боксшыларының тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Massaget.kz порталы 2018 жылы бірде-бір жекпе-жек өткізбеген қазақ кәсіпқой боксшыларының тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым жариялаған тізімде Қанат Ислам, Бекман Сойлыбаев, Жанқош Тұраров, Иса Ақбербаев, Радмир Ахмедиев, Рустам Сыбай, Жақсылық Қырғызәлі бар.

Басылымның мәліметінше, Қанат Исламның ақпан айында 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған Эгис Климаспен келісімшартқа келуі жұртты қуантқан еді. Қазақ боксшысына нағыз чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуге жол ашылғандай көрінген болатын. Содан 23 маусымда Қанат Ислам шаршы алаңға шығуды жоспарлады. Қарсыласы мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО), жапон Йошихиро Камегаи (27-4-2, 24 КО) немесе америкалық Габриэль Росада (24-11, 14 КО) болады деп күтілді. Алайда отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпей қалған еді.


Қанат Ислам

Басылымның мәліметінше, Qazaq деген лақап атпен танылған қазақ боксшысы 2017 жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Астанада канадалық боксшы Брендон Кукпен жұдырықтасып, 9 раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңген болатын. Жуырда "Жарақатымнан айықтым. Жаттығуымды бастадым. Наурыз айында шаршы алаңға оралуды жоспарлап отырмын" деп мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Қанат Ислам 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанған.

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Бекман Сойлыбаев өткен жылы үш жекпе-жек өткізіп, WBC International чемпиондық белбеуін иемденді. Бір рет сәтті де қорғады. Биылға төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Өз чемпиондық атағын қорғағысы келген. Бірақ бұрын қолынан алған жарақаты сыр берді. Бекман қазіргі таңда емделіп жүр. Бокстағы мансабын аяқтаған жоқ. 

Енді ол 2019 жылдың тамыз айына қарай шаршы алаңға шығуы мүмкін. Кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізген Бекман бірде-бір рет жеңілмеген.


Бекман Сойлыбаев

Танымал қазақ кәсіпқой боксшыларының бірі Жанқош Тұраров та бұл тізімде жүр. Басылым тілшілерінің мәліметінше, өзіндік жұдырықтасу мәнерімен ерекшеленетін былғары қолғап шебері биыл шаршы алаңға шыққан жоқ. Жұрт спортшыдан жағымды жаңалық күткен. 


Жанқош Тұраров

Басылымдағылардың айтуынша, ол биыл жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Өткен жылы Астанада аргентиналық боксшы Бруно Ромеомен болған жекпе-жекте алған жарақатынан емделген.

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бірі Иса Ақбербаев. 35 жастағы спортшы 2009 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Барлығы 20 жекпе-жек өткізген. 1 кездесуі өтпей қалған. 


Радмир Ахмедиев

Кәсіпқой бокстағы мансабын 2014 жылы бастаған Радмир Ахмедиев жоғары жетістікке жетпесе де, жарқын жекпе-жектерімен жұрт назарына іліккен. 12 жекпе-жек өткізіп, оның 11-де жеңіске жетті. 1 кездесуінде жеңілді.

Басылымдағылардың мәліметінше, Радмир өткен жылы 1 рет шаршы алаңға шықса, биыл бір рет те кездесуге шықпады. Былтыр Василий Жиров қолдауымен дайындалып жүргені айтылған. Әйткенмен бұл жігіттің жекпе-жегін биыл жанкүйерлер көре қойған жоқ.


Рустам Сыбай

Басылымның мәліметінше, әуесқой бокста Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2011 ж) атанған Рустам Сыбай 2017 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан болатын.

Алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Василий Поднебесныйды жеңгенмен, екінші кездесуінде өзбек Рафшан Ергашевтен жеңіліп қалды. Нәтижесінде бұл жолдағы қадамы жалғаспай келеді.


Жақсылық Қырғызәлі

Порталдағылардың мәліметінше, Жақсылық кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылы бастаған. Алғашқы екі кездесуі сәтсіз аяқталып, жеңілген еді. Кейіннен жеңісті жолын бастады. Соңғы рет өткен жылдың 30 желтоқсанында жұдырықтасуға шықты. Алматыда венгр боксшысы Ференц Хофнерді техникалық нокаутпен ұтып шықты. Одан кейін жанкүйерлер бұл боксшының жекпе-жегін көрген жоқ.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети