01 қазан 2019 10:23

2018 жылы Головкинмен жұдырықтасқан боксшы әйелін ұрып-соққаны үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян әйелін ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян әйелін ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

TMZ Sports басылымы полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап, 15 қыркүйекте Калифорния штатындағы Глендейл қаласындағы үйінде екі баланы тәрбиелеп отырған жұп жанжалдасқанын хабарлады. Соның салдарынан боксшы әйелінің қолын қайырып, бетінен ұрған. 

Мартиросянның жары үйінен қашып кеткен. Ол көшеде қолы көгерген, мұрны сынған күйінде жүрген. Әйел медициналық көмектен бас тартқан, ал полицейлер осы істі тіркеуге алған. 

16 қыркүйекте Мартиросян қамауға алынды. Оны сол күні босатқан, өйткені ол үшін 50 мың АҚШ долларын кепілақы ретінде берген. 

Мартиросян кәсіпқой бокста 2005-2018 жылдары өнер көрсеткен. Ол соңғы рет қазақстандық боксшымен 2018 жылы мамырда жұдырықтасқан еді. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, америкалық боксшы нокаутқа түсті. 

Сол кездесуден кейін Мартиросян Фредди Роуч залында бапкер болып жұмыс істейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети