13 желтоқсан 2018 09:46

2019 жылдың мамырында "Канелоның" Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя  WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) қарсылас тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, "Канело" 15 желтоқсанда АҚШ-тағы Madison Square Garden аренасында WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ұлыбританиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасады.

Осы жекпе-жекте "Канело" жеңіске жетсе, промоутер 4 мамырда мексикалықты осы салмақ категориясындағы IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) кездестіргісі келеді.

"Джейкобс біздің тізімде тұр, - деді Де Ла Хойя TMZ Sports басылымына берген сұхбатында. Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, ағайынды Чарло - олар барлығы мүмкіндіктерін қолданады. Ол проблема емес, себебі "Канело" үздіктермен жұдырықтасады. Мен "Канело" мен Джейкобстың кездесуін көруге қарсы емеспін. Дэнниді жақсы көремін".

Головкинді жеңгеннен кейін "Канелоның" келесі қарсыласы белгілі болды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети