Forbes Головкин-Альварес жекпе-жегінің не себепті екі тарапқа да тиімді екенін түсіндірді

06 Наурыз 2017, 09:17
0
Forbes Головкин-Альварес жекпе-жегінің не себепті екі тарапқа да тиімді екенін түсіндірді -

Джош Кацовиц деген журналист Forbes журналында Головкин-Альварес жекпе-жегінің не себепті екі тарапқа да тиімді екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Канеломен" қыркүйекте кездесетіні бұрыннан белгілі, бұл жекпе-жек Головкинге бұрын-соңды көрмеген гонорар түсіреді. Бірақ, Том Леффлердің (GGG промоутері) айтуынша, Альварес те пайда табады. Қос тарап та алда болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтып жүр, бірақ Леффлер жекпе-жектің детальдары келісіліп қойғанын айтты. Головкин наурызда Дэниэл Джейкобсты, ал Альварес мамырда Хулио Сезар Чавесті жеңуі керек", - дейді ол.

Айтуынша, Леффлер осы аптадағы HBO Boxing Podcast эфирінде "Канело" Головкинмен кездескені үшін бір кездері Флойд Мейвезермен кездескені үшін көп ақша тапқанындай табысқа жетеді" деген . "Бұл мәлімдеме батыл түрде айтылып отыр. Бірақ бұл оның реалист адам екенін білдіреді. Айтпақшы, Альварес Мейвезерден жеңілгені үшін бес миллион доллар тапқан", - делінген мақалада.  

Осыған дейін "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинге қыркүйекте кездесуге рекорд гонорар ұсынғанын мәлімдеген, енді, айтуынша, жекпе-жектің өту-өтпеуін қазақстандық боксшы шешеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай