27 сәуір 2019 18:41

Forbes Головкинге Санчестің орнын алмастыратын үш бапкерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беделді Forbes журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы ретінде Абель Санчесті ауыстыра алатын үш үміткердің тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Беделді Forbes журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы ретінде Абель Санчесті ауыстыра алатын үш үміткердің тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин 25 сәуірде 2010 жылы бастап жұмыс істеп келген бапкерімен ынтымақтастықты тоқтатынын жариялады.

"Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин.

Өз кезегінде Абель Санчес Головкинмен енді неге жұмыс істемейтінін түсіндірді

"Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар, алғыс пен этиканың, намыс мен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді", - деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұқбатында.

Санческе кеткеннен кейін қазақстандық жаттығу лагерін де ауыстыруға шешім қабылдады. Канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы 8 маусымға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін ол басқа жерде болады.

Головкин мен оның командасы Санчестің орнына кім келетінін әзірге айтқан жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Калифорния штаты Санта-Моникадағы өз үйінен алыс емес жерде жаттыққанды қалайтынын жеткізген. 

Осы ақпаратты негізге ала отырып, Санчесті ауыстыра алатын бірнеше кандидаттар бар. Forbes пікірінше, Головкиннің жаңа бапкері болуға үміттілер:

"Вирджил Хантер

Хантер жаттығу залы Санта-Моникада Головкиннің үйінен бес сағаттық жерде орналасқан, бұл әрине аса ыңғайлы нұсқа емес. Дегенмен, Хантердің спортшыларға қорғаныс тактикасына шоғырландыру қабілеті және джебтің қойылымы Головкин үшін тартымды болуы мүмкін. Сондай-ақ, Хантер шайқасқа сәтті жоспарлар жасауға, сондай-ақ бұрышында тыныш және тепе-теңдікті сақтауға қабілетті.

Фредди Роуч

Роучтың жаттығу залы Санта-Моникаға 40 минуттық жерде орналасқан арқасында, оның есімі осы тізімде болуы міндетті. Роуч - агрессив жаттықтырушы, және көптеген мамандар Альвареспен үшінші жекпе-жекте Головкин үшін қажет деп санайды. Роуч аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Паккьяоны ұзақ жылдар бойы жаттықтырған. Жақында олар қайта қосылды. 

Бади МакГирт

Головкин үшін ең жақсы нұсқа. МакГирт өзін жаттықтырушы ретінде көрсете білді, соның ішінде шығысеуропалық боксшыларды дайындауда өзінің тиімділігін көрсетті. Ол жартылай орта салмақта ресейлік жасөспірім Сергей Липинцпен жұмыс істеді және жақында Сергей Ковалевке Элайдер Альвареспен болған реваншата жеңуге көмектесті.

Сонымен қатар, Макгирттің жаттығу залы Санта-Моникаға 40 минуттық жерде орналасқан. Географиялық және мәдени өзара байланыс тұрғысынан алғанда, МакГирт Головкиннің ақылға қонымды нұсқасы болуы мүмкін", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети