17 мамыр 2018 13:08

"GGG баяу қозғалып, көп соққы жіберетін болған" - Головкиннің бұрынғы қарсыласы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Америкалық боксшы Габриэль Росадо (24-11, 14 КО) бұрынғы қарсыласы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) соңғы жекпе-жегіне таңдаған қарсыласына көңілі толмағанын айтты, - деп хабарлайды EsNews.


Америкалық боксшы Габриэль Росадо (24-11, 14 КО) бұрынғы қарсыласы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) соңғы жекпе-жегіне таңдаған қарсыласына көңілі толмағанын айтты, - деп хабарлайды EsNews.

Еске салайық, Головкин міндетті жекпе-жегінің уақытын кейінге шегеріп, Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) бокстан шеттелгеннен кейін 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқан. Головкин мен Мартиросян кездесуі бәсекелі болған жоқ - чемпион қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Росадо екі жыл жұдырықтаспаған әрі жеңіліп қалған Мартиросянға чемпиондық белбеуге таласуға қалай мүмкіндік берілгеніне таңғалады. Ол Альварестің жұдырықтаспайтынын естігенде, дереу Головкиннің командасына ұсыныс тастағанын айтады.

"Мен Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ қостым. Ванестің бірінші орта салмақтан көтерілгені ақталу үшін орынсыз жағдай. Оған чемпиондық белбеуге таласу мүмкіндігі берілді, мұның өзі барып тұрған бассыздық, себебі қазақстандық боксшының қарсыласы екі жыл бойы шаршы алаңға шықпаған. "Канело" шығып қалғанын естігенде, дереу ұсыныс тастадым. Әлеуметтік желілердегі парақшамда жарияладым, көптеген жанкүйерлер осы жекпе-жекті көргісі клетіндерін айтты.

Головкин баяу қозғалады, бірақ оның соққысы әлі де жойқын екені анық. Ол баяу қозғалып, көп соққы жіберетін болған. Жекпе-жекке бір ай қалғанда мен үлгерер едім дайындалып. Бұл тамаша жекпе-жек болар еді, алайда Ванес таңдалды, себебі алда "Канеломен" үлкен жекпе-жек күтіп тұрған еді. Сол үшін де Головкинге қауіпсіз нұсқа керек болды", - деді Росадо.

Айта кетейік, Росадо Геннадий Головкинмен 2013 жылы шаршы алаңда кездескен еді. Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети