25 қаңтар 2017 17:29

GGG - "Канело" жекпе-жегіне қатысты келіссөздердің мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтеді делінген жекпе-жекке қатысты келіссөздердің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтеді делінген жекпе-жекке қатысты келіссөздердің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Іске жақын жүрген дереккөздің ақпараты бойынша, екіжақты келіссөздер алға басып, жекпе-жектің расымен қырқүйекте өтуі әбден мүмкін.

Қаржылық тұсы ғана қиындық тудырып тұр. Альварестің промоутерлері қазақстандық боксшыға 15 миллион доллар ұсынғаны белгілі, ал Головкиннің командасы бұған келіспей отыр. 

Өзге мәлімет көзінің ақпараты бойынша, келіссөздердің қаржылық тұсы да шешілейін деп тұр-мыс. Головкиннің командасы мексикалық боксшыға жекпе-жектен түскен пайданы теңдей бөлісуді ұсынып отыр. Бұл бойынша да қарастыратын мәселе баршылық, дегенмен, екі жақтың келіссөздерді жандандырғаны өте маңызды жайт. Дегенмен, келіссөздер немен аяқталары белгісіз.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі. Ал Альварес мамыр айында жерлесі Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады. Де Ла Хойя Головкин мен "Канело" 2017 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығады деп уәде берген болатын. 

Мұның алдында Санчес алдағы жекпе-жектер немен аяқталарына болжам жасау қиын екенін айтқан. Бапкер "Канелоның" Чавеспен жұдырықтасуын түсінбейтінін, алайда, бұл жекпе-жектегі жеңімпаз "Мексика королі" болатынын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети