03 сәуір 2017 21:22

"GGG - қорқақ Борат". Сондерс Головкинді тағы да мазақ етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

AllFight.Ru AllFight.Ru

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) тағы да мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол көпшілік назарына Головкинді масқаралайтын жазу жазылған жейдені көрсетті. Сондерс бұл жейдені кездейсоқ бір ер адамның бергенін айтады.  

Жейденің алдыңғы жағында былай деп жазылған "GGG - қорқақ Борат. Сондерспен жекпе-жекке шық". 

Сонымен қатар, оның Тwitter желісіндегі парақшасында мынадай да суреттер жарияланған.  

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети