GGG мен "Канело" алдағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді

30 Қаңтар 2018, 10:05
0
GGG мен "Канело" алдағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді - © REUTERS
© REUTERS

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қоюына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойғаны хабарланған еді. Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері және жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді.

Бірақ әзірше жекпе-жектің өтетін орны белгіленбеді.

"Мен Альвареспен қайтадан жұдырықтасуға дайынмын және осы жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Бұл бүкіл әлем қалап отырған жекпе-жек. Маған лайық кездесу. Бірінші кездесуде мен судьялардың кейбір шешімдерімен келіспедім. Ал бұл жолы ешқандай да күмән болмайды. Мен рингтен орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде кетемін", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com басылымы.

"Бокс тарихындағы ең маңызды жекпе-жекті қайта өткізуге қуаныштымын. Бұл жолы Геннадийді судьялар ақтап ала алмайды, себебі мен оны нокаутқа түсіремін", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com басылымы.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай