GGG мен "Канело" бапкерлерінің жекпе-жекте боксшыларға қандай кеңес бергені анықталды - видео

18 Желтоқсан 2018, 10:59
0
GGG мен "Канело" бапкерлерінің жекпе-жекте боксшыларға қандай кеңес бергені анықталды - видео - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

FightSpace World YouTube-каналы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің бапкері биыл 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен реваншта боксшыларға сыбырлап айтқан сөздерінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші раундтан кейін бапкер Эдди Рейносо "Канелодан" жайбарақат жүрмеуін өтініп, Головкин сияқтылар "жекпе-жекті бір соққымен аяқтай салатынын" ескертті. Осыдан кейін ол жас ерекшелігін пайдалануға және соққы алмасуды қолға алмауға кеңес берді.

Оныншы раундтан кейін Рейносо былай деді: "Сауль, ақымақ сияқты соққы алмасумен тәуекелге барма. Мені естисің бе? Жекпе-жек жақсы өтіп жатыр, сенде барлығы дұрыс. Сен оны нокаутқа түсіре алмайсың, талпынбай-ақ қой. Ол тым күшті".

Өз кезегінде Абель Санчес бесінші раундтан кейін Головкинді қарсыласын нокаутқа түсіруге шақырды. Сәлден кейін қазақстандықтың бапкері тәсілдерді ұмытып, қаттырақ ұруға кеңес берді.

"Бұл жігітпен төбелес", - деді Санчес жетінші раундтан кейін. Соңғы үш минуттықтың алдында ол Головкиннен бар күшін салуды және соққыларды қайта бағыттауды сұрады.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте өтіп, екеуі тең түсті. Реваншта "Канело" жеңіп, Головкин мансап жолында бірінші рет жеңіліс тапты. Алайда көптеген сарапшының пікірі бойынша, екі жекпе-жектің де нәтижесі даулы. Келесі жылы қазақстандық пен мексикалық қайта жұдырықтасуы мүмкін.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай