Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

GGG шаршы алаңға 2016 жылдың сәуір айында оралады - Абель Санчес

30 Желтоқсан 2015, 09:26
0
"ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобынан
"ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобынан

WBA (Super), IBF, IBO және WBC нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының рингке 2016 жылдың сәуір айында шығатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Том Леффлермен әңгімесінде ол сәуір айында жекпе-жек өткізетінін айтты. Маған Геннадийдің жаттығу залында 8-9 аптадан артық уақыт өткізгені ұнамайды. Сондықтан да, кездесудің өтетін уақыты белгілі болған кезде, ол 8-9 апта бұрын дайындала бастайды", - деді бапкер.

Еске сала кетейік, 15 желтоқсанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарған болатын. WBC шешіміне сәйкес, екі боксшы жекпе-жек туралы өзара келісулері керек. Қыркүйек айында өткізілетін кездесуге өзара келісу үшін тараптарға 31 мамырға дейін уақыт берілді. Егер осы уақытқа дейін екі тарап мәмілеге келе алмаса, промоутерлік сауда тағайындалады. WBC чемпиондық атағына таласуға тараптардың бірі өз еркімен келіспесе, онда сол боксшы титулдан айырылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай