03 шілде 2019 09:12

Golden Boy Альварестің жарақаты мен келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: boxingscene.com Фото: boxingscene.com

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес жарақатына қарамастан 14 қыркүйекте жекпе-жек өткізбек. Бұл туралы журналист Майк Коппинджерге мексикалық боксшының промоутері Эрик Гомес айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін белгілі промоутер Боб Арум Альварестің жарақаты бар екенін хабарлаған болатын. Соған байланысты оның жекпе-жегі қыркүйектен желтоқсанға ауысуы мүмкін екені мәлім болған. 

Алайда Гомес "Канелоның" рингке жоспарланғандай 14 қыркүйекте шығатынын айтты. Оның сөзінше, мексикалық боксшының сол аяғындағы тізесі жарақаттанған, бірақ ота жасаудың керегі жоқ. Осылайша, жекпе-жек Лас-Вегаста не Техаста өтуі ықтимал. 

Бірақ Альварес келесі жекпе-жегіне әлі қарсылас тапқан жоқ. Бұған дейін "Канело" қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасудан бас тартып, ресейлік Сергей Ковалевпен кездесуді жөн көретіні хабарланған еді. Алайда ресейлік боксшы сыйақының аз болуына байланысты Альварестің ұсынысынан бас тартқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети