16 мамыр 2019 09:22

IBF белбеуін алып үлгермеген Альвареске міндетті қарсылас тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: DAZN USA Фото: DAZN USA

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварестің командасы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) мексикалық боксшыға міндетті қарсылас тағайындау шешіміне қатысты пікірін  білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварестің командасы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) мексикалық боксшыға міндетті қарсылас тағайындау шешіміне қатысты пікірін  білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

IBF Альваресті украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жекте өз титулдарын қорғауға міндеттеген болатын. Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді. 

Бір қызығы, Альварес 4 мамырда Лас-Вегаста америкалық Дэниэл Джейкобспен кездесуден соң ұтып алған IBF белбеуін әлі алып үлгермеген. 

"Эрик Гомеспен ("Канелоның" промоутері) сөйлестім, оған IBF шешімі ұнамаған. "Канело" әлі IBF белбеуін алған жоқ, ал оған міндетті қорғау жекпе-жегін бекітіп қойды", - деп жазды инсайдер Майк Коппинджер (OX Sports, LA Times, Ring TV) Твиттер желісінде. 

Бұған дейін Копинджер Альварестің IBF титулынан бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді, себебі мексикалық боксшыға қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек маңыздырақ. 

Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте алғашқы жекпе-жектері тең аяқталған болатын, ал бір жылдан соң мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Осылайша, қазақстандық боксшы өз карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети