07 желтоқсан 2017 08:33

P4P королі: Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Ring журналы желтоқсан айы санының мұқабасын жария етті, онда орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бейнеленген. 


The Ring журналы желтоқсан айы санының мұқабасын жария етті, онда орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бейнеленген. 

"Бұл айдағы санның мұқабасындағы жұлдыз - P4P рейтингінде бірінші орынға жаңадан орналасқан Геннадий Головкин", - делінген басылымның Twitter желісіндегі парақшасында.

Қазақстандық боксшы белгілі журналдың мұқабасына шығуы туралы былай деп пікір жазды: "The Ring, осындай құрметтеріңізге рақмет".

Еске салайық, америкалық Андре Уорд бокспен қош айтысқаннан кейін Геннадий Головкин The Ring нұсқасы бойынша салмақ категориясына қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшыларның рейтингінде көш бастаған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети