09 шілде 2018 14:31

P4P рейтингінде GGG-ді ығыстыра алатын боксшылар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fightnews.info © Fightnews.info

WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (29-0, 25 KO) отандасы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) арасындағы қарымтасы және салмақ дәрежесіне қарамай құрылатын әлемнің ең үздік боксшыларының рейтінгі (P4P) жайлы сөз қозғады.

Айта кетейік, Альварестің допинг дауына ілігіп, Головкинмен 5 мамырдағы жекпе-жектен бас тартуына байланысты Мунгуйя қазақстандыққа қарсылас ретінде қарастырылған болатын. Алайда Невада штатының Атлеттер комиссиясы бұған рұқсат бермеді.

Мұның орнына Мунгуйя америкалық Садам Алимен жұдырықтасқан еді. Қарсыласын төртінші рауындта сұлатып, WBO белбеуін тартып алған мексикалық NSAC ұйымына Головкинмен жұдырықтасуға рұқсат бермегені үшін алғыс білдірді.

"Альварестің кленобутеролмен қиындықтары болды, оған енді кейбірі сенбейді. 15 қыркүйекте сенімді қайтару үшін бәрін жасайды деген ойдамын. Головкин P4P рейтингінің көшбасшысы деген ойдамын. Бірақ оның уақыты өтіп барады, ол 37 жаста. P4P рейтингісінің жаңа көшбасшысы "Канело" болуы мүмкін. Ол болмаса, Ломаченко. Болжам? Білмеймін, өйткені Альварес бір жылдан бері жұдырықтаспады. Головкинмен қалай қарымта өткізетінін білмеймін. Үзіліс жекпе-жекке әсер етпейді деген үміттемін", - деп келтіреді Мунгуйяның сөзін vRINGe.com.

Еске салайық, Головкин мен Альварес қарымтасы 15 қыркүйекте өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети