WBC Головкин-Альварес реваншы бойынша соңғы шешім шығарды

03 Қазан 2017, 09:30
37
WBC Головкин-Альварес реваншы бойынша соңғы шешім шығарды -

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) президенті Маурисио Сулейман WBC-ның ұйым чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы реванш тез арада өткізілуі керектігі туралы шешім шығарғанын айтты. Бұл шешімді WBC басқарма кеңесі шығарған, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBC президенті Маурисио Сулейман мен Виталий Кличко осы күндері Бакуде өтіп жатқан 55-ші Кеңес Конвенциясында. © instagram.com/wbcboxing

Осының алдында Сулейман Геннадий Головкин мен WBC белбеуінің міндетті қарсыласы америкалық Джермалл Чарло арасындағы кездесудің мәселесі қашан шешілетінін айтқан еді. 


Джермалл Чарло. © fightnews.ru

"Головкин - "Канеломен" кездесу өткізу үшін қиын жолдарды басып өтті. Ал Альварес болса беделді боксшы. Ол екеуі соңғы жылдардағы ең үздік жекпе-жектің бірін өткізді. Көпшілік бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесуді асыға күтіп жүргені белгілі. Боксшылар да қайта кездесуге ниетті. Біз бұл кездесудің өтуіне кедергі келтірмейміз. Сәрсенбі күні Чарло мен Головкиннің командаларының ұсыныстарын тыңдап, барлығына ыңғайлы шешім қабылдаймыз. ", - деп келтіреді Сулейманның сөзін BoxingScene порталы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (37)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай