13 наурыз 2018 12:32

WBC президенті Альварестің допинг-дауына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес. Сауль Альварес.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін реваншқа екі ай қалғанда допинг-сынағынан кленбутеролдың табылуы әдейі жасалмағанын және бұған расында да мексикалық етті жеудің себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін реваншқа екі ай қалғанда допинг-сынағынан кленбутеролдың табылуы әдейі жасалмағанын және бұған расында да мексикалық етті жеудің себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барлығы да "Канелоны" сынға алу мүмкіндігін жіберген жоқ. Оны басқа да әрекеттері үшін сынға алуға болады, бірақ өтірік айтқаны үшін емес. Басқа да сараптамалар жүргізілді, олар теріс нәтиже көрсетті. Мұның барлығы 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке ешқандай қауіптің төнбейтінін көрсетеді. Осыдан да қатаң бақылаулар жүргізіледі.  Сауль Альваресті құрметтеулеріңізді сұраймын. Себебі оны істемеген әрекеті үшін "теуіп тастау" әділетсіз. "Канело" бес жыл бойы VADA аясында көп сынақтан өтті. Ол үнемі таза болып шығатын", - деп келтіреді  Boxingscene.com басылымы Маурисио Сулейманның сөзін.

Сондай-ақ, Маурисио Сулейман кленбутеролдың Мексикада ұлттық проблема екенін айтып өтті. Айтуынша, Мексикада көбі оны жануарларға масса жинау үшін береді екен.

Осыған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің допинг-дауына қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

Кеңес мәлімдемесінде "Канелоның" көп жылдан бері "Таза бокс" бағдарламасында екені және карьерасында допинг-сынақтан талай рет өткені айтылған. Сондай-ақ, мұның бірінші рет кездесіп отырған жағымсыз оқиға екені айтылады. "Оның абсолют сенім вотумы бар. Мексикадағы уланған ет проблемасы жаңалық емес", - делінген еді мәлімдемеде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети