04 қазан 2018 14:37

WBC президенті Головкин - Альварес реваншына қатысты жаңа талаптарды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман ұйымның бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBC "уақытша" чемпионының белбеуіне ие америкалық Джермалло Чарлоның жекпе-жегін санкциялау шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман ұйымның бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBC "уақытша" чемпионының белбеуіне ие америкалық Джермалло Чарлоның жекпе-жегін санкциялау шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Мұндай шешім Киевте өткен WBC Конвенциясында қабылданды. Головкин - Чарло жекпе-жегінде жеңген боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шығуға міндетті үміткер болады, ол қыркүйекте қазақстандықтан WBC белбеуін тартып алған болатын.

Головкин "Канеломен" реванш өткізуді сұрады

Сонымен қатар, Чарло WBC желісі бойынша міндетті үміткер атану құқығына сәуірде ие болған, алайда ұйым енді чемпионмен, яғни Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін алдымен Головкинмен кездесу керек деп шешті.

GGG "Канеломен" екі рет кездесіп, бір рет те жеңе алмады. Бірінші жекпе-жек тең аяқталды, екінші жекпе-жекте төрешілер бір ауыздан жеңісті Альвареске берді. Головкин алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

"Бәрі де болуы мүмкін. Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі барлық жағынан қызық. Бірақ Чарлоның құқығы бар. Менің ойымша, бұл шешім үш жақ үшін де әділетті", - деді Сулейман.

Сонымен қатар, WBC "Канелоға" ерікті түрде титулды қорғауға рұқсат берді. Мексикалық боксшы 15 желтоқсанда рингке шығуы ықтимал, оның қарсыласы орта салмақта экс-чемпион канадалық Давид Лемье болуы мүмкін, ол 2015 жылы GGG-ден жеңілген болатын.

Головкинге қатысты айтар болсақ, Альвареспен жекпе-жек оның биылғы жыл үшін соңғы кездесуі. GGG рингке 2019 жылы көктемде шығады деген болжам бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети