10 ақпан 2014 08:59

WBА уақытша чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эрисланди Лара. Фото с сайта beatsboxingmayhem.com Эрисланди Лара. Фото с сайта beatsboxingmayhem.com

WBA нұсқасы бойынша орта салмақты уақытша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара WBA / IBO нұсқасы бойынша орта салмақты әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Галовкинді "ұлы шайқасқа" шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz. "Мен сенімен жекпе-жекке шығуға кез келген уақытта дайынмын", - деп жазады өзінің твиттерінде Лара. 30-жасар кубалық өзінің соңғы жекпе-жегін 2013 жылдың 7-желтоқсанында осы салмақ бойынша экс-әлем чемпионы американдық Остин Траутпен өткізген. Онда Лара қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіске жетіп, өзінің атақ-дәрежесін сақтап қалған. Головкиннің келесі жекпе-жегі 26-сәуірде Нью-Йоркте өткізіледі деп болжанған. Оның қарсыласы әлі нақты кім екені белгісіз. Қалай десек те, ол бұрынғы WBC белбеуіне үміткер ирландиялық Энди Ли болуы мүмкін. Сонымен бірге бұл жекпе-жекке американдық Джеймс Киркленд пен австралиялық Дэниел Гил де үміткер болған. Бірақ екі боксшы да кейіннен бұл айқастан бас тартты. Еске сала кетейік, Головкин өзінің 2-ақпанда болған соңғы жекпе-жегінде ганалық боксшы Осуману Адамамен кездескен болатын. Қазақстандық жетінші раундта техникалық нокаут бойынша жеңіске жетті. Осылайша Головкин 16 рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети