Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

WSB ширек финалында кездесетін жұптар анықталды

13 Наурыз 2014, 11:33
0
Сурет flickr.com сайтынан
Сурет flickr.com сайтынан
Кеше түнде WSB аясындағы топтық кезеңнің соңғы кездесулері өтті. Ресей боксшылары Куба қабыландарынан басым түссе, Италия клубы Алжир командасын жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

WSB аясындағы кейінге шегерілген екі кездесу де 3:2 есебімен аяқталды. "Italia Thunder" клубының "Algeria Desert Hawks" командасын жеңетіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Клементе Руссо бастаған Италия боксшыларына бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Негізі, Италия боксшыларына бұл кездесу өте маңызды еді. Себебі мұның алдында "Ukraine Ottomans" түзде немістің "Team Germany" командасын 5:0 есебімен ұтып, "А" тобында бірінші орынға шығып кеткен. Олардан екі ұпайы кем "Italia Thunder" клубына Украина атамандарынан асып түсу үшін Алжирде қайтсе де жеңіске жету керек болды. Ақыры тәжірибелі Италия клубы өз дегендеріне жетіп тынды.

Ал "В" тобындағы соңғы кездесуде орыстың "Russian Boxing Team" боксшылары азуын айға білеген Куба қабыландарын ұтты. Бұл кездесуде Ресей клубы шарша алаңға тіпті Андрей Замковойды шығарыпты. Бірақ 69 келі дәрежесіндегі орыстың оғланы Кубаның күрзі жұдырықты қыраны Ариснойдис Деспаньеден 0:3 есебімен ұтылып қалды. Ал Адлан Абдурашидов (60 келі) Лазаро Альвареске төтеп бере алмай, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Есесіне, қалған үш жекпе-жекте Ресей боксшыларының бақтары жанған. Никита Иванов (81 келі) Хулио Сезара ла Крусадан, Максим Бабанин (+91 келі) Йоанди Тоирактан басым түскен. Ал Бахтовар Назиров (52 келі) төртінші раундта Херардо Сервантесті техникалық нокаутпен жеңген.

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, "Cuba Domadores" кейбір салмақтарда жас боксшыларына мүмкіндік беріп, соларды сынақтан өткізген. Себебі Куба қабыландары "В" тобында еш команда жете алмастай болып ұзап кетен. Әрі бұл – олардың WSB аясындағы алғашқы жеңілістері.

Осы екі кездесуден кейін ширек финалда кездесетін жұптар нақты анықталды. Бірден айта кетейік, "Астана Арландарының" Германия клубымен кездесетіндігі біздің боксшылар Алматыда поляктың "Poland Hussars" клубын 4:1 есебімен ұтқан кеште-ақ белгілі болған.

Сондай-ақ Куба тарландарының АҚШ боксшыларымен айқсатындықтары да сол кезден мәлім еді. Қалған екі жұп кеше түнде ғана анықталды. Бәрінен қызығы, шаршы алаңда Қырымда қырғи қабақ болып отырған Украина және Ресей боксшыларының кездесетін болды...

WSB жобасы. Ширек финал:

"Astana Arlans" – "Team Germany"
"Italia Thunder" – "Baku Fires"
"Cuba Domadores" – "USA Knockouts"
"Ukraine Ottomans" – "Russian Boxing Team"

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай