18 қаңтар 2018 10:32

Абель Санчес Альваресті "қашып жүру" стилінен бас тартуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) промоутері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) реванш кезінде "қашып жүру" стилінен аулақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) промоутері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) реванш кезінде "қашып жүру" стилінен аулақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Санчес мексикалықтың екінші жекпе-жекте басқа стильде жұдырықтасатынына сенетінін айтты. Бапкердің айтуынша, соңғы жекпе-жекте Альварес қашып жүрумен болды. 

"Реванш өтетін болса, Альварес көбірек соққы жасайды деп сенемін. Бірақ өткен жекпе-жекте ол бірнеше рет жақсы соққы жасай алды, ол да жақсы боксшы", - деді Санчес Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Абель Санчес Марвин Хаглер мен Шугар Рэй Леонардтың жекпе-жектерін мысал ретінде келтірді. "Олардың жекпе-жектері қызықты өтті. Олар бір-бірімен соққылармен алмасып отырды. Ал мұнда (Головкин мен Альварес жекпе-жегінде) соққы алмасу қиынға соқты, себебі біреуі үнемі велосипедпен жүрді", - деді бапкер.

Головкин - "Канело" жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам аталды.

Осыған дейін Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегінің екінші кездесуін өткізуге кімнің кедергі келтіріп жүргені жайлы айтқан еді

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

6 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалған болатын.

Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети