Абель Санчес бокс туралы жазатын америкалық журналистердің нұсқасы бойынша 2015 жылғы үздік бапкер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2015 жылы Абель Санчестің шәкірті, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокста үш рет жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық боксшының қарсыласы ұлыбританиялық Мартин Мюррей, америкалық Вилли Монро және канадалық Давид Лемье болды.
Еске сала кетейік, 33 жастағы боксшының келесі жекпе-жегі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Головкиннің қарсыласы бұл жолы 25 жастағы спортшы Доминик Уэйд болады.