Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-ге қарсы тұрып бере алатын боксшыларды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-ге қарсы тұрып бере алатын боксшыларды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен бұрындары айтқандай, 154-тен 168 фунтқа дейінгі салмақта Геннадийге қарсы 12 раунд ешкім тұрып бере алмайды, тек Андре Уорд пен кіші Хулио Сезар Чавес, мүмкін Карл Фроч та, қалғандарының бәрін Головкин нокаутқа түсіреді.
Осы үшеуі ғана шыдайды, олар ірі және Головкиннен нокаутқа түсіп қалмауға мүмкіндік беретін өзіндік мәнерлері бар. Қалғандарының бәрін ол 12 раундқа дейін нокаутқа түсіреді", - дейді Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.
Сонымен қатар, бапкер сөздерінде тұра алмайтын және Головкинмен жекпе-жекке шаққысы келмейтін боксшыларға қатысты наразылығын айтты. Санчестің ойынша, бұл жағдай келесі жылы да өзгермейді.
"Біздің қолымыздан келері шыққысы келген мықты жігіттермен жекпе-жек өткізу. Көпшілік Головкин туралы айтарын айтып алады да, Том Леффлерге (GGG промоутері) қоңырау шалуға келгенде жоқ болып кетеді. Twitter мен Facebook-те жекпе-жек өткізе алмайсыз, промоутерге қоңырау шалып, келіссіөз жүргізу керек. Ол туралы әлеуметтік желіде дауласа беруге болмайды. Головкин кез келген жекпе-жекке дайын, онымен рингке ғана шығу керек", - дейді Санчес.
Айта кетейік, наурыздың 18 күні Нью-Йоркте Головкин америкалық Дэниэл Джейобспен жекпе-жек өткізіп, атағын қорғайтын болады. Санчестің айтуынша, бұл кездесуде Головкин жекпе-жекті ақытынан бұрын аяқтайды.