11 сәуір 2017 | 10:21

Абель Санчес Головкиннің Джейкобспен өткен жекпе-жегінен кейінгі жағдайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bloody Elbow © Bloody Elbow

Абель Санчес Головкиннің Джейкобспен өткен жекпе-жегінен кейінгі жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

Абель Санчес Головкиннің Джейкобспен өткен жекпе-жегінен кейінгі жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен өткен жекпе-жектен кейін бұрынғыларға қарағанда қатты болдырып қалғанын мойындады. 

"Головкин Джейкобспен өткізген кездесуден кейін шамалы мазасы болмай тұрды. Өйткені, ол 12 раундтық кездесу өткізді ғой. Мен мұны негізі бірінші күні киім ауыстыратын бөлмеден байқаған жоқ едім. Әдетте жарақат жекпе-жектен екі не үш күн өткеннен кейін байқала бастайды. Бірақ мен оны тексерген жоқпын. Біз Головкинмен бірге ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Сондықтан оның жарақаты ауыр болатын болса, бірінші кезекте ол маған айтар еді. Алайда Головкин шағым айтатын боксшылардың қатарынан емес. Бұл жекпе-жектен кейінгі болатын кішігірім жарақаттар. Себебі жекпе-жек қиын болды", - дейді Санчес Yahoo! Sports порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен екі боксшының командалары арасындағы келісімшарт Головкиннің жарақат алып қалуына байланысты созылып жатқанан айтқан еді. Бірақ ол кезде Санчес бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Кеше бірнеше шетелдік БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Головкин 10 маусымда Қазақстанда өтуі мүмкін деген Сондерске қарсы жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады. Британдық боксшының орнына отандасымыз мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр екен. Бұрнағы күні екі боксшының командасы жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр. 

Спорт жаңалықтарын Vesti.kz сайтынан оқыңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети